Үндістанда әскери ұшақ үйге құлады
Үндістанның Раджастхан штатында әскери ұшақ үйдің үстіне құлады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ұшқыштың өзі секіріп үлгерген. Ал үйде болған 3 адам опат болып, тағы үшеуі жараланды. Елдің әскери әуе күштері тергеу бастаған. МИГ-21 1963 жылдан бері Үндістанның негізгі жойғыш ұшағы саналады. Алайда кейінгі жылдары жиі апатқа ұшырап жүр.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Үндістан 2025 жылға дейін Кеңес Одағы шығарған барлық ұшақтарды қолданыстан шығаруға бекініп отыр.