Ресейдегі өрттен шыққан түтін Астанаға жетті

Ресей мен Петропавлдағы орман өртінен шыққан түтін Астанаға жетті.

Қазгидромет мамандары елордада ауаның ластану көрсеткіші қалыпты жағдайдан асып кеткенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, елорда аспанын торлап тұрған осы түтін. Павлодар мен Бурабайда да ауадағы зиянды қалдықтар шекті мөлшерден асып кеткен. Дегенмен, түтінді жел айдап әкетеді деп сендіреді мамандар.