Таяу Шығыста қақтығыс тоқтамай тұр

Израиль Газа секторындағы қарулы топтарға тағы соққы берді.

Бірнеше күнге созылған қақтығыстан 23 палестиналық қаза тапты. Олардың жартысына жуығы бейбіт тұрғын. Израиль әскері Газадағы 50-ден астам нысанды талқандағанын мәлімдеді. Ал өңірден Изарильге қарай 100-ден аса зымыран ұшырылған. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху лаңкестерге қарсы операция жағасатынын айтып отыр. 

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

- Біздің елімізді атқылап, нұқсан келтіретін кез-келген лаңкестік топ тиісті жазасын алады. Әскеріміз Газа секторындағы қарулы топтарға қарсы операцияны әлі жалғастырып жатыр. Біз лаңкестердің жауыздық әрекеттері аяқсыз қалмайтынын ескертеміз.

Еске сала кетейік,Таяу Шығыстағы шиеленіс Израиль күштерінің Газа секторындағы "Ислам джихады" деп аталатын қарулы топтың 3 командирін өлтірген соң басталды. Осыдан кейін аталған ұйым еврей аумағын зымырандармен атқылауға кірісті.