Пәкістанда наразылық шаралары басылар емес

Кей жерде шеру соңы қақтығысқа ұласып, 5 адам ажал құшты.

Құрбандардың 3-уі - Пешавар қаласының тұрғындары. Тағы 77 кісі жарақат алған. Ал билік 145 полицейдің жараланғанын мәлімдеді. Жанжал Пәкістанның экс премьер-министрі Имран Хан қамауға алынғаннан кейін басталған. Оның жақтастары жаппай көшеге шығып, саясаткерді бостандыққа шығаруды талап етуде. Жалпы ел бойынша, 1400 белсенді қамауға алынған. Бұрынғы үкімет басшысына қатысты жемқорлық және басқа баптар бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды.

Мобин Хан, ереуілші:

- Біз заңды талаппен шеруге шықтық. Бірақ полиция көзден жас ағызатын газ шашып, күш көрсетіп жатыр. Өте қатігез. Имран Хан босатылмайынша, біз наразылықты жалғастыра береміз.