Францияда салық төлеміне бақылау күшейеді

Осыған байланысты елде алғаш рет фискалды барлау қызметі құрылды.

Ол халықаралық корпорациялардың жұмысы мен ең үлкен капиталдар ағынын қадағалайды. Бұдан былай ірі бизнес нысандарын жиі тексеретін болады. Қаржыгерлер кәсіподағының мәліметі бойынша, Францияда жылына 100 млрд еуроға дейін салық төленбейді екен. Үкімет алаяқ азаматтардың елде қанша уақыт тұрақтайтынын анықтау үшін әуе компанияларының көмегіне де жүгінбек ниетте.

Ролан Лекюр, Францияның өнеркәсіп министрі:

- Салық инспекторларының санын арттыру арқылы салық алаяқтығына бақылауды күшейтеміз. Францияда тұрақты тұрмайтын адамдардың жүріс-тұрысын қадағалау үшін заманауи құралдарды да пайдаланамыз.