Венгрия мен Сербия жаңа мұнай құбырын салады

Венгрия мен Сербия жаңа мұнай құбырын салатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұзындығы 128 шақырымдық нысан Венгрияның Альгио кен орнынан сербтің Нови-Сад мекеніне қарай тартылады. Бұл туралы Венгрияның Сыртқы істер министрі Петер Сиярто  мәлімдеді. Тараптар келісімшартқа келесі айда қол қоймақ. Жоба құны – 100 млн еуро. Ал қос ел жаңа инфрақұрылым арқылы Ресейдің «Дружба» құбырымен жеткізілетін мұнайды тасымалдауды жоспарлап отыр.