Римде жүргізушілер наразылық шеруіне шықты

Римде жүргізушілер биліктің жақында енгізген шектеулеріне қасы наразылық шеруіне шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Акцияға қатысушылар қала мэриясының алдына жиналып, жақында қабылданған заңды қайта қарауға шақырды. Ал жаңа ережеге сай Римде биыл қараша айынан бастап қоршаған ортаны көп ластайтын көліктердің жүруіне тыйым салынбақ. Олардың арасында «евро-4» стандартына сай дизельді темір тұлпарлар бар. Ал келер жылы «евро-5» талабына сай дизельді көліктерді шектеу қарастырлған. Көлік иелері бұған қарсы.

Шеруші:

- Дизельді көліктер бензинмен жүретін жаңа көліктерге қарағанда ауаны аз ластайды. Бұл дәлелденген. Сондықтан қала билігінің шектеулері ақылға қонымсыз. Олар оны қайта қарауы тиіс.