Ыстықкөл түбін тазартып жатыр

Қырғызстанда бір топ белсенді Ыстықкөлдің түбін қоқыстан тазарту жұмысын қолға алды.

Нәтижесінде сүңгуірлер су астынан ондаған келі қалдықты жағаға алып шықты. Көбі шыны мен пластик. Экобелсенділердің айтуынша, қазір көл суының сапасы бұрынғыдай емес. Кейінгі жылдары кәдімгідей нашарлап кеткен. Бұған ең бірінші адами фактор себеп дейді табиғат жанашырлары. Айта өтейік, Ыстықкөл әлемнің ең үлкен 25 көлінің бірі саналатын Қырғызстанның жауһары. Тереңдігі жағынан 7-орында.