Канададағы орман өрті тұтас құрлыққа зиянын тигізді

Канада орманындағы өрттің түтінінен АҚШ-тың 75 миллион тұрғыны зардап шегіп отыр.

Бұл туралы америкалық CNN телеарнасы хабарлады. Құрама Штаттардың шығысындағы ірі қалалардағы ауа сапасы қатты нашарлап кеткен. Тілсіз жау жыл басынан бері 4 миллионға жуық гектар жасыл желекті жалмап үлгерген. Мамандар 2050 жылға қарай отқа оранған аумақ көлемінің 2 есе артатынын ескертеді. Өртенген аймақтарда 5 мыңға жуық өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр. Оларға жергілікті әскер мен бірнеше елден өрт сөндіру мамандары көмекке келді.