Ресейде волонтерлер жоғалған балаларды іздеуге көмектеседі
Ресейде былтыр волонтерлердің көмегімен жоғалып кеткен 6 мың бала табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мұндай мәлімтетті осы елдің Ішкі істер министрлігі жариялады. Құқық қорғау органы волонтерлік ұйымдармен тығыс байланыс орнатқан. Қазір осындай ұйымдарда 15 мыңнан аса адам еңбек етеді. Олар түрлі шараларға қатысып, шеберлік сабақтарын өткізіп тұрады. Мәселен, Ресейдің «Балаларға көмек» атты ұлттық орталығына жыл басынан бері 1800-дей өтініш түсіп, 1 мың 535 бала табылған.
Татьяна Васиховская, Амур облысы бойынша ұлттық көмек орталығының басшысы:
- Амур облысындағы іздестіру қозғалысын біздің командамыз құрды. Мұндай топ аймақта бұған дейін болмаған. Ұйымның жұмысының арқасында жоғалып табылмай қалатын балалардың саны азайды. Қозғалысымыз профилактикалық шаралар да өткізіп тұрады.