Францияда қарсылық өршіп барады

Халық әділеттілікті орнатуды талап етуде.

Нантер қаласында ереуіл қақтығыстарға ұласты. Полиция жұртты тарату үшін көз жасаурататын газ пайдаланған. Жергілікті әкімшілік ғимаратының алдына жиналғандар тәртіп сақшыларына петардалар лақтырып, түрлі заттарды жаққан. Жалпы ереуілге 6200-дей адам қатысқаны анықталды. Тұрғындар жасөспірімнің өліміне себеп болып, қатыгездік көрсеткен полицияны жазалауды талап етуде.  Халықтың жаппай бас көтеруіне 17 жастағы жігіттің көз жұмуы түрткі болып отыр. Талапқа бағынбаған жүргізушіге, полиция оқ атқан.  Бұл жағдай тұрғындарды дүрліктірді. Елде 3 күнен астам уақыт ереулдер тыйылмай келеді. Ашуға ерік бергендер полицияға қарсылық көрсетті. Соңғы деректерге сүйенсек, ондаған адам тұтқындалған.