Канадада орман өрті өршіп тұр

Канадада орман өрті өршіп тұр.

Ел аумағында 900-ден астам өрт ошағы тіркелген. Оның 600-ге жуығы бақылаудан шыққан. Осы уақытқа дейін қызыл жалын 10 миллион гектар жерді шарпып үлгерген. Ал одан шыққан түтіннің да зардабы аз емес. Кейінгі бірнеше аптада атмосфераға жайылған зиянды заттардың мөлшері шамадан тыс жоғарылап, ауаға 700 миллион тоннадан астам көміртек тараған. Бұл көрсеткіш күн өткен сайын артып жатыр.