Оңтүстік Кореяда тағы да тасқын жүруі мүмкін

Оңтүстік Кореяда тез арада су тасқынына қарсы шаралар қолға алынуы керек.

Өйткені алдағы күндері ел аумағында тағы да тасқын жүреді деген қауіп бар. Шұғыл отырыс өткізген ел президенті осылай деді. Метеорологиялық қызмет өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, сейсенбі күні Оңтүстік Кореяның орталық және оңтүстік бөлігіне 300 миллиметр жауын түседі. Естеріңізде болса, жуырда ғана тоқтаусыз жаңбыр жауып, соңы алапатқа су тасқыны мен лай көшкініне ұласқан еді. Соның салдарынан 37 адам опат болды. 10 азамат із-түзсіз жоғалып кетті. Табиғи апатқа байланысты елдегі 200-ден астам жол жабық тұр. теміржол қозғалысы да тоқтаған. 6 мың адам үйіне қайта алмай, эвакуациялық орталықта жатыр.