Жапония әскері зымыран сынағын өткізді

Австралияда бірнеше елдің бірлескен әскери жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

2 жылда бір рет болатын бұл шараға Австралиямен қатар Жапония, АҚШ, Канада секілді көптеген мемлекеттің сарбаздары қатысады. Жаттығу барысында Жапония әскері Тайп-12 деп аталатын зымыранды ұшырды. Осылайша, бұл ел өзінің кемелерге қарсы ең жетілдірілген қаруын алғаш рет сынақтан өткізді.