Қазақстандық мергендер Оңтүстік Кореядағы әлем чемпионатында әлемдік рекорд орнатты

Оңтүстік Кореяда жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық мергендер үздік нәтиже көрсетті.

Чанвон қаласындағы сайыста спортшыларымыз әлемдік рекорд орнатты. Жас мергендер енді Париж олимпиадасының жолдамасы үшін дайындыққа кіріседі. Жерлестеріміздің өнерін Оңтүстік Кореядағы меншікті тілшіміз Владислав Цой тамашалады.

Владислав Цой, тілші:

- Кореядағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына 45 елден 600 спортшы келді. Қазақстан құрамасының білікті мергендері сайысқа келе алмады. Соған қарамастан саңылақтарымыз алтын мен күміс медальдарды жеңіп алды. Тіпті әлемдік рекорд орнатты. Аты жасөспірімдер жарысы болғанымен біріншілігіне қатысушылардың дені ересектер арасындағы сайстарда бақ сынаған.

Чемпионаттың басты сенсациясы деп Фатима Ирназарованың өнерін айтуға болады. Ол нысана көздеуден  572 ұпай жинап, жасөспірімдер арасында жаңа әлемдік рекордты жаңартты. Бұған дейінгі көрсеткіш  566 ұпай болатын. Фатима 18 жаста. Ол 4 жыл бойы нысана көздеумен айналысады және бұл оның үшінші ірі жарысы.

Фатима Ирназарова, нысана көздеуден ҚР құрама командасының мүшесі:

- Бізде мектепте нысана көздеу туралы хабарландыру болды. Одан кейін анам да осы спорт туралы естіді. Біз соған жазылдық. Маған өте ұнады өйткені біз бала кезімізден тирлерде, түрлі аттракциондарда атуды жақсы көретінбіз. Мен жарыстарға дайындалғанда біріншіден жарты сағат бойы денені қыздырамын. Одан кейін бапкердің қолдау сөздері бар видеоларын көріп, тыңдаймын.

Фатима, оның егіз әпкесі Зухра және Александра Сәдуақасовадан құралған команда әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Никита Чирюкин тапаншадан атудан алтын және күміс медальді жеңіп алды. Мылтық көздеуден екінші орын Арина Алтуховаға бұйырды. Қозғалмалы нысана көздеуден  Асадбек Назирқұлев, Илья Зотеев және Даниил Яковенко бар ерлер командасы күміс  иеленді . Ұлттық құраманың аға бапкері Әнуар Юнусметовтың айтуынша, Париж Олимпиадасына лицензия алуға аттанатын ұлттық құраманың 80 пайыз жасөспірімдерден құралған.

Анвар Юнусметов, нысана көздеуден ҚР құрама командасының мүшесі:

- Қозғалмалы нысана көздеуден спортшыларымыз қазір Азия ойындарына арнайы дайындалуда. Әсіресе әйелдер құрамасы қыркүйек айында Қытайда өтетін Азия ойындарында Қазақстан құрамасының намысын қорғайды. Чирюкин Никита, Алтухова Арина және Ирназарова Фатима, Садвакасова Александра және Ирназарова Зухра Азия ойындарына іріктеліп алынды.

Жақында Қазақстан құрамасы Әзірбайжанға аттанады. Габала қаласында оқу жаттығу жиындарын өткізеді. Ал 14 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Бакуде әлем чемпионаты  өтеді. Сол жарыстарда қазақстандықтар Париж Олимпиадасына берілетін лицензия  үшін күреседі.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян