Үндістанда қызанақ бағасы шарықтап кетті

Көкөніс құны қысқа уақыт ішінде 500 пайызға өсіп кеткен.

Бұрын бір келісі 85 центтен сатылған қызанақ енді 3 доллардан саудаланып жатыр. Бірақ мұндай  бағаны қарапайым халықтың қалтасы көтермейді. Сондықтан көбі одан бас тартуға мәжбүр. Жергілікті мейрамхана мен асханалар да көкөністің осы түрін тағамға қосудан бас тарта бастаған. Үндістанда қызанақтың күрт қымбаттауына ауа райы қолайсыздығы себеп. Соның салдарынан егістік алқаптарда өнім аз шыққан.