Филиппинде тайфуннан бір адам қаза тапты
Филиппиннің солтүстік бөлігіне "Доксури" тайфуны соқты, салдарынан бір адам ажал құшты.
Сағатына 175 шақырым жылдамдықпен соққан жел электр желілерін үзіп, мыңдаған адам жарықсыз қалды. Апатты аймақта 11 мыңнан аса тұрғын қалып отыр. Жергілікті билік су тасқыны мен лай көшу қаупі жөнінде ескерту жариялады.