Шри-Ланка Жапониядан көмек сұрады
Экономикалық дағдарыстан ес жия алмай отырған Шри-Ланка Жапониядан инвестиция сұрап отыр.
Бұл туралы оңтүстік азиялық елдің сыртқы істер министрі мәлімдеді. Шри-Ланкаға әсіресе энергетика және инфрақұрылым салаларына қаржы қажет.
Айта кетейік, 2 мемлекеттің арасы 2020 жылы суып кеткен болатын. Ол кезде Шри-Ланка 2 миллиард долларға бағаланған теміржол құрылысын негізсіз тоқтатып тастаған еді.