Қытайда дауылдан бір миллионға жуық халыққа зардап келді

Қытайдың Фуджиан провинциясында дауыл соғып, 800 мыңнан астам адамға зардабы тиді.

Оның 35 мыңы уақытша паналау орталықтарына орналасты. "Рейтер" агенттігі бұл кейінгі жылдары болған ең үлкен тайфун деп хабарлады. Фужоу қаласында метро жұмысы тоқтады. Өйткені станциялар суға толып кеткен. Бір күнде рекордты көлемде 256 миллиметр жауын-шашын түскен. Дауыл елдің шығысына қарай бет алуы мүмкін.