Еуроодақта халық саны көбейді
Еуроодақта екі жылда алғаш рет халық саны артты.
Демографиялық дүмпу былтыр тіркелген. Ал оның алдында коронавирус пандемиясы кесірінен керісінше адам саны азайған еді. Жалпы кәрі құрлықта жастар сәбилі болуға асықпайды. Өйткені баланы өсіріп-жеткізуді қиын деп санайды. Оның үстіне бірінші орынға отбасын емес, мансапты қоятындар да көп. Бірақ босқындар есебінен Еуропада халық саны көбейіп, соңғы статистикаға сәйкес, 448 миллион адамнан асқан. Олардың жартысы, нақтырақ айтсақ, 47 проценті Германия, Франция және Италияда тұрады.