Қырғызстан долларды тұрақтандыруға қыруар қаржы жұмсаған
Қырғызстанда Ұлттық банк АҚШ валютасының бағамын тұрақтандыру үшін жарты миллиардқа жуық доллар жұмсады.
Жыл басынан бері реттеуші орган ішкі нарықта осымен 10-рет интервенция жасап отыр. Шара доллардың жылдам құбылуын тежеуге бағытталған. Бірақ соған қарамастан шетелдік валютаның айырбас бағамын толықтай тұрақтандыру мүмкін болмай тұр. Биылғы қаңтардан тамыз айына дейін АҚШ долларының сомға шаққандағы құны 2,4 пайызға өскен. Қазір 1 доллар 87,7 сом тұрады. Дегенмен, Қырғызстан Ұлттық банкі жағдай қалыпты, қажет бола қалған жағдайда тиісті шаралар қолға алынады деп отыр.
Аида Карабаева, Қырғызстан Ұлттық банкінің ресми өкілі:
- Шетелдік валютаны сатып алу бойынша 7 интвервенция жасалды. Олар долларға сұраныстың ұсыныстан асып кетуіне байланысты қолға алынды. Интервенциялар барысында жалпы 190 миллион доллар сатып алынып, 295 миллион доллар сатылды.