Қытайдағы тасқын: 40 мыңнан астам тұрғын көшірілді
Қытайдың Ухань қаласын су басып, 40 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тасқын 2800 гектарға жуық күріш алқабын шайып кеткен. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар бүлінген үй, жол және басқа егіс алқабының көлемін есептеп жатыр. Құзырлы органдар тұрғындарға құтқару күртешесі сияқты қажетті заттарды таратты.
Бұған дейін Цзилинь провинцииясында тасқыннан 10 адам ажал құшқан болатын.