Нигерияда күннен қуат алатын стансалар орнатылады
Дүниежүзілік банк Нигерияда күннің көзінен қуат алатын электр жүйелерінің құрылысын қаржыландыруға көмектеседі, деп хабарлайды «Хабар 24».
200 миллионнан аса халқы бар Нигерияда энергожүйе нашар дамыған, миллиондаған тұрғын мен кәсіпорын сұйық отынмен жұмыс істейтін генераторларға қарап отыр.
Жаңа стансалардың қуаты 10 мегаватқа дейін жетеді. 1 станса 200-дей үйді жарықпен қамти алады.