Оңтүстік Кореяда дауылдан жиынға қатысушылар эвакуацияланды
Оңтүстік Кореяда "Ханун" тайфунына байланысты Дүниежүзілік скауттар жиынына қатысуышалар эвакуациялана бастады.
Шара тағы 4 күн жалғасуы тиіс еді. Бірақ дауыл Корея түбегіне жақындағандықтан 36 мың скаут елдің өзге аймағына орналастыру шешілген. Бұған дейін шара өтетін Пуан өңірінде аптап ыстық тұрып, слетке қатысушылар тағы зардап шеккен. Кей елдер жиын нашар ұйымдастырылғанына шағымданып, өз скауттарын кері қайтарды.