Бразилияда өзенге заңмен тіршілік көзі деген мәртебе берілді
Біз қазақ ежелден суды - тіршілік көзі деп атаймыз.
Бразилияның Гуажара-Мирин штатындағы өзенге осындай мәртебе берілді. Тіпті Амазония аймағындағы әкімшілік арнайы заң қабылдаған. Бұдан былай өзен жергілікті байырғы халық үшін қасиетті әрі маңызды деп саналады. Осылайша бразилиялықтар экожүйені бұзылудан сақтап, климат өзгерісіне қарсы ымырасыз күрес жүргізбек ниетте.