Түркияда 36 мың заңсыз мигрант ұсталған

Түркияда соңғы 2 айда 36 мың заңсыз мигрант ұсталып, олардың жартысы еліне қайтарылған.

N8hБұл туралы осы елдің Ішкі істер министрілігі мәлімдеді. Ресми өкілдердің айтуынша, мемлекетте жаз басталғалы заңсыз миграцияға қарсы мыңға жуық операция жүргізілген. Шетелден адамдарды тасымалдаумен айналысқан 1,5 мың мың азамат жауапқа тартылған. Түркия - әлемде босқындар ең көп шоғырланған елдің бірі. Бұл мемлекетте қазір 5 миллионға жуық мигрант бар. Олардың басым бөлігі Сирия азаматы.