АҚШ-та бюджет қызметкерлері ереуілге шықты
Лос-Анджелесте бюджет қызметкерлері 24 сағаттық шеруге шықты.
Арасында жол полицейлері, механиктер, құтқарушылар мен басқа да сала мамандары бар. Наразылық шарасына байланысты шаһардағы біраз коммуналдық кәсіпорын жұмысын тоқтатты. 55 бассейн жабылып, қоқыс шығару ісінде кедергі туындаған. Сондай-ақ ақпараттық жедел желі де уақтылы жауап бермей тұр.
Алфредо Чавес, көлік мекемесінің қызметкері:
"Жалақы көлемін көтеру қажет. Қымбатшылық жайлаған сайын, айлығымыз мардымсыз болып барады. Жұмыс орнындағы жағдайды да жақсарту қажет".