Германияда жылумен қамту туралы жаңа заң қабылданды
Германия жағармай және газбен жылыту жүйесінен біртіндеп бас тартады.
Ел парламенті жылумен қамту туралы жаңа заңды қабылдады. Осылайша, Еуропа елі 2045 жылға қарай ауаға таралатын зиянды шығарындыны азайту міндеттемесін орындауға кірісті. Құжатқа сәйкес қабылданатын шаралар нәтижесінде 2030 жылға қарай атмосферераға таралатын көмірқышқыл газының мөлшері 40 млн тоннаға қысқармақ.
Дегенмен жаңа өзгертулер қоғамда дау тудырды. Консерваторлар заң жобасы тым қымбатқа түсетінін айтады. Ал экобелсенділер мұндай іс-шара қоршаған ортаны қорғауға аздық етеді дейді.