Израильде науқастарды тасуға арналған ұшатын көлік іске қосылды

Израильде науқастарды ауруханаға жедел жеткізетін, ұшатын көлік іске қосылды.

Сонымен қатар, дәрі таситын дрон да жұмыс істейді. Электронды құрылғыларды Иерусалимдегі аурухананың бірінде пайдаланатын болады. Көлік иесінің айтуынша, ұшатын такси 250 келіге дейінгі салмақты көтере алады. Шамамен 30 шақырым қашықтыққа ұша алады.