Жапонияда туу көрсеткіші төмен болып тұр
Жапонияда 80 жастан асқан қариялар саны халықтың 10%-ін құрайды.
Ал тұрғындардың үштен бір бөлігі – 65 жастан асқандар. Яғни, елдегі туу көрсеткіші өте төмен, деп хабарлайды Блумберг ел үкіметі жариялаған деректерге сілтеме жасап.
Айта кетерлігі, бұл мемлекетте былтыр бала туу көрсеткіші тарихтағы минимум деңгейіне жеткен еді. Сарапшылар осылай жалғаса берсе, халық саны 2045 жылға қарай 109 миллионға дейін қысқаруы мүмкін деп болжайды.