Перуде автобус жардан құлады
Перуде жолаушылар автобусы жардан құлап, 24 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы 18 жолаушы жарақат алды. Оқиға осы елдің орталық бөлігіндегі Уанкавелика аймағында болды. Апатқа лай көшкіні себеп деген болжам бар. Оқиғаға дейін өңірде жаңбыр жауып, ауа райы қолайсыз болып тұрған. Жалпы Перуде жол көлік апаты жиі тіркеледі. Ол көбіне жүргізушілердің жылдамдықты асыруынан туындайды екен. Былтыр осындай жағдайлардан 3 мыңнан аса адам көз жұмған.