Үндістанда су тасқынынан 23 сарбаз жоғалып кетті

Австралияның шығысындағы 2 штатта орман өртеніп, кей мекендерден тұрғындар шұғыл көшіріле бастады.

Лаулаған жалын 23 мың гектар жерге таралып үлгерген. Табиғат апатынан жапа шеккендер туралы ақпарт жоқ. Бірақ Виктория аймағында аяқ астынан жаңбыр жауып, енді су тасқыны қаупі күшейген.

Шина Боухен, жергілікті тұрғын:

- Қолайсыз күн райына қатысты жаңалық бізді қатты алаңдатып қойды. Кей жерлерде ормандағы өрт әлі сөндірілген жоқ. Енді теріскейден жел соғып, жаңбыр жауатыны ескертіліп жатыр. Жауын әрине жақсы. Бірақ су тасқыны бола ма деп қорқамын.

 

Су тасқынынан 23 сарбаз жоғалып кетті

Ал Үндістанның Сикким штатында толассыз жауын мен су тасқынынан 23 жауынгер жоғалып кетті. Қазір сарбаздарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше оқиға жергілікті биліктің өңірдегі гидроэлектр станциясының суын төгу туралы шешімінен кейін болған. Сарқырап аққан су өзенге жақын маңдағы жасақтар орналасқан жерге жетіп, бірнеше әскери көлікті шайып кеткен.