ЕО қауіпті технологиялар тізімін жариялады
Еуроодақ ерекше қорғалуға тиіс технологиялардың бастапқы тізімін жариялады.
Оған жасанды интеллект жүйесі, кванттық есептеу, озық чиптер мен гендік инженерия кіргізілген. Еурокомиссия бұл озық жетістіктер авторитарлы және адам құқықтары жиі бұзылатын елдердің қолына түсе ме деп алаңдайды. Әсіресе Еуроодақ Қытайдан қауіптенеді.
Қазір ұйым технологияларды экспорттау немесе импорттау барысында қауіпсіздік шараларын күшейту мәселесін кеңінен талқылап жатыр. Түпкілікті тізім келер жылдың көктемінде дайын болуы тиіс, - дейді мамандар.