Еуропадағы алапат дауылдан 12 адам қаза тапты

Еуропаның солтүстік-батысында соққан "Кьяран" дауылынан 12 адам қаза болды.

Толассыз жауған нөсер соңы тасқынға ұласып, бірнеше ауданды су басып жатыр. Қатты желдің екпінен ағаштар құлап, жолдар жабылды. Көлік қатынасы тоқтады. Жарты миллионға жуық халық жарықсыз отыр. Кей аудандарда желдің жылдамдығы сағатына 200 шақырымға жеткен. Мәселене Ұлыбританияда қауіптің жоғары деңгейі белгіленді.