Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу қиындады
Газа секторында гуманитарлық көмек жеткізу ісіне қауіп төнді.
Өйткені аймақта жанармай жетіспей жатыр. БҰҰ-ның Палестинадағы Гуманитарлық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы осылай деп дабыл қақты. Қазірдің өзінде жергілікті телекомуникациялық компанияның бірі соңғы 2 күннің ішінде қосымша жанармай жеткізілмесе, Газа секторында байланыс біржола үзілетінін ескерткен. Бұдан басқа дәрі-дәрмек те тапшы. Осының кесірінен соңғы күндері ауруханада жатқан науқастар арасында өлім-жітім көбейген.
Андреа Де Доменико, БҰҰ-ның Палестинадағы гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасының басшысы:
"Газа секторында жанармай мен дәрі-дәрмек таусылудың аз-ақ алдында тұр. Біз ауруханаларда науқастар өліп жатқанын естіп жатырмыз. Оның үстіне ауызсу мен азық-түлік жетпей, халық қатты қиналып жатыр".