Колумбия «Зиянды тағамдар» туралы заңды қабылдады
Колумбия әлемде бірінші болып «зиянды тағамдар» туралы заң қабылдап, мұндай өнім өндірушілерге салық салмақшы.
Денсаулыққа қауіпті азық-түлік қатарына чипс, шоколад, тұзы көп өнімдер жатқызылған. Үкімет заңның халық денсаулығын жақсарту үшін қабылданғанын айтады. Оған сарапшылар мен белсенділер қолдау білдірген. Бірақ кей мамандар құжат елдегі инфляция және кедейшілікпен күресуге кедергі келтіреді дейді. Ал салық біртіндеп енгізілмек. Оның көлемі биыл 10, келесі жылы 15 процент болмақ. Бұған дейін Перу мен Эквадор да қанты мен майы көп азық-түлікке айрықша белгілер салу туралы шешім қабылдаған еді.