Бауырлас елдердің бірлігі

Биыл Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл.

1923 жылы Осман империясы ыдыраған соң пайда болған бауырлас елдің бүгінде іргесі берік, экономикасы мығым. Қазақстанмен арадағы достық, бауырластық қатынасы да жоғары деңгейде. Ол жөнінде бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті қабырғасында өткен халықаралық конференция барысында айтылды. Жиынға қатысқандар бауырлас елдің 1 ғасырлық тарихына кеңінен тоқталып, 100 жылдық белесті, қалай еңсергендігі жөнінде ой өрбітті. Тағы конференция барысында белгілі түрік тарихшысы Афет Инанның «Кемал Ататүрікті еске алғанда» атты, кітабының қазақ тіліне аударылған нұсқасының тұсауы кесілді.

Айта кету керек, бұл құнды шығарма Түркі академиясының бастамасымен аударылған.

Шаһин Мұстафаев, халықаралық Түркі академиясының президенті:

- Өздеріңізге мәлім, Түркияның Тәуелсіздік үшін күресі 20-шы ғасырдың басында болды. Қозғалыстың жетекшісі әйгілі Мұстафа Кемал Ататүріктің арқасында халық жеңіске жетті. Осы ретте біздің академия атақты тарихи тұлға жайлы халықтар кеңінен білсін деп, «Кемал Ататүрікті еске алғанда» атты кітапты қазақ тіліне аудардық. Өйткені бұл түркі тілдес елдер, бауырлас мемлекеттер үшін құнды шығарма.