Израильде Нетаньяхуға қарсы шеру өтті

Израильде Нетаньяхуға қарсы шеру өтті

Израильдің өзінде халық Премьер-министр Беньямин Нетаньяхуға қарсы көтерілді.

Мыңдаған адам Үкімет басшысынан лауазымды қызметтен бас тартуын талап етті. Шеруге шыққандар "Нетаньяху Газа секторындағы қақтығыс трагедиясы үшін айыпты. Сондай-ақ кепілге алынғандарды босатуға қатысты дұрыс әрекет жасай алмай отыр" дейді.

Рани Граф, тұрғын:

- Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху қызметінен кетсін! Өйткені 7 қазанда басталған бұл сұмдық оқиғаға тікелей Нетаньяху жауапты! Бұл Израиль тарихындағы ең үлкен апат. 1400 адам, оның ішінде қаншама сәби мен әйел опат болды! Ұрланды, зорланды, тірілей өртенді! Біз оның қызметін босатқанын қалаймыз!