Израиль Газадағы ауруханаға шабуыл жасады
Израиль Газадағы Камаль Адван ауруханасына шабуыл жасап, ғимаратты тас талқан етті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері емдеу мекемесінің жұмысын толық тоқтатқанын мәлімдеді. Өйткені Израиль әскері әлеуметтік нысанды бульдозермен жермен-жексен еткен. Бұған дейін шабуылшылар Әл-Шифа ауруханасын басып алған болатын.
Ричард Пиперкорн, Газадағы ДДСҰ өкілі:
- Камаль Адван ауруханасы жұмысын тоқтатқанымен, ондағы науқастарға тез арада алғашқы көмек қажет. Сол себепті барлығы Әл-Ахли мен Шифа ауруханасына жіберіліп жатыр. Олардың қатарында жаңа туған нәрестелер де бар. Емдеу мекемелерінде орын жетіспегендерін үйлеріне қайтарып жатырмыз. Біз бұлай ауруханаларымызды жоюға жол бермейміз.
Газадағы науқастар Түркияға жеткізілді
Ал Түркия билігі Газадағы ауыр халде жатқан және жарақат алған науқастарды қабылдап жатыр. Олардың алғашқы легі әуе кемесі арқылы Анкараға жеткізілді. Қазір 100-ден астам тұрғын түріктің емдеу мекемелерінде ем алып бастады. Тағы 105 азамат Анкара ауруханасына жөнелтіледі.