Пәкістанда алғаш рет жасанды жаңбыр технологиясы қолданылды
Бұл ауаның ластануымен күресу үшін жасалды.
Елдегі екінші ірі шаһар - Лахор үстімен ұшақтар ұшырылып, бұлттар қатты заттармен атқыланған. Сөйтіп жаңбырдың жаууына жағдай жасалған. Бұл технология бүгінде Біріккен Араб Әмірліктерінде кеңінен қолданылады. Үндістан да оның көмегіне жүгінетін болған. Айта кеткен жөн, Пәкістанда ауаның ластануы - өзекті мәселенің бірі. Өйткені мұнда көлік көп. Тұрғындар көмір жағады. Өнеркәсіп орындарының дені осы отынды қолданады. Ол аздай шаруалар егін маусымы аяқталғанда, масақ жағып, жағдайды ушықтырып жібереді. Әсіресе Лахордың экологиялық ахуалы алаңдатарлық. Сол үшін де жасанды жаңбыр технологиясы осы қалада қолданылды.