Британияда теміржол қозғалысы тоқтап қалды

Толассыз жауыннан Ұлыбритания мен Еуропаны жалғап жатқан жерасты туннелін су басты.

Соның салдарынан теміржол қозғалысы тоқтап, мыңдаған жолаушы межелеген жеріне жете алмай қалды. Әзірге Еуростар компаниясының пойыздары қашан жолға шығатыны белгісіз. Он шаақты күн бұрын бірлестік пойыздарының сапары тағы осылай жаппай кейінге шегеріліп, халықты біраз әбігерге салған. Бірақ ол кезде мұндай жағдайға көлік қызметкерлерінің шеруге шығуы себеп болған еді.