Испанияда әуе компаниясының қызметкерлері шеруге шықты
Испанияда ең ірі Иберия (Iberia) әуе компаниясының жүздеген қызметкері
Барселонадағы халықаралық әуежай маңына жиналып, шеруге шықты. Олар компания басшылығының қызметкер санын қысқарту шешіміне наразы. Сондай-ақ жалақыны көтеріп, кей рейстерді еншілес компанияға беруден бас тартуды талап етіп отыр. Осымен 4-күн қатарынан жалғасып жатқан шерудің кесірінен ұшу кестесі өзгеріп, кей рейстер мерзімінен кешіктірілген. Ал басшылық қысқартудың қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін маңызды екенін айтады. Шерушілер талап ескерілмейінше, наразылық акциясы тоқтамайтынын ескертті.