Еуроодақ Израильмен келісімді тоқтатуы мүмкін

Еуропарламент Еуропалық одаққа Израильмен әлеуметтік, сауда және мәдени қатынастарды тоқтатуды ұсынды.

Бұған Еуроодақ пен Тель-Авив арасындағы келісімнің бұзылғаны түрткі болды. 2000 жылы бекітілген құжат бойынша Израиль халықаралық қауіпсіздікті сақтауы тиіс еді. Сонымен қатар адам құқықтарын құрметтеуге міндеттелген. Алайда Газа секторындағы қақтығысты ескерсек, келісімшарт өрескел бұзылды. Қақтығыс аймағындағы Израиль қорғаныс күштерінің әрекеті демократия қағидаттарына қайшы, - дейді депутаттар.