Омарташылар шеруге шықты
Грекиядағы фермерлердің шеруіне омарташылар қосылды.
Парламент ғимараты алдына жиналғандар шетелден балды төмен бағамен сатып алып жатқан билікке наразы.
Осының кесірінен отандық өнімге сұраныс азайды, - дейді ара бағып жүргендер.
Өндірістік шығындардың өсуі де шаруаларға ауыр соққы болып тиген. Енді олар жанар-жағармай салығын азайтып, мемлекеттен субсидия бөлуді талап етіп отыр.
Алайда ел билігі электр қуатына және дизельге ғана жыл соңына дейін жеңілдік жасаймыз, дейді.