Қытайда әйелдер бала тууды емес, мансап қууды қалайды
Қытай әйелдері балалы болудан гөрі мансап қуғанды тәуір көреді.
Өйткені бала күтіміне кететін шығын шаш етектен. Бейжің демографиялық зерттеу институтының дерегіне сүйенсек, қытайлықтардың баланы кәмелетке толғанға дейін дамытуға жұмсаған шығындары жан басына шаққанда ЖІӨ көрсеткішінен 6 есе жоғары. Яғни орта есеппен ата-аналар баласының керек-жарағына 94 мың доллар, бұл біздің теңгеге шаққанда 42 млн теңгеге дейін жаратады деген сөз. Соның салдарынан бұл елдегі туу көрсеткеші айтарлықтай төмендеген.
- Дүниеге бала әкелу бұл үлкен жауапкершілік. Оның үстіне қазір елде жұмысыздық белең алған. Бұлай жалғаса берсе, келер жылы туу көрсеткіші қайтадан төмендейді.
Корея
Ал Кореяда бұл мәселе одан да өткір. Себебі бір отбасы бір баланың жүріп тұрысы одан қалды оқуы, үйірмесіне орта есеппен 120 миллион теңге жұмсайды. Жалпы Оңтүстік Корея әлем бойынша туу көрсеткіші ең төмен мемлекет.
Ұлыбританиялықтар да шығынның көбейгенін айтады. Сауалнамаға қатысқан 5 жасқа дейінгі баласы бар 35 мың 800 ата-ана жалақасының 50 пайызын баласын асырауға жұмсайды екен. Бұдан экономикалық теңсіздік туады. Ата-анасының тұрақты жұмысы бола тұра, елдің 100 мыңнан астам баласы кедейшілікте өмір сүреді. Мәселен, британдық Action for Children ұйымының дерегіне сүйенсек, бір ғана Лондонда отбасылардың 18 пайызы кедей. Жан бағу үшін кәмелеттік жастан асқан жастар қосымша 19 сағаттық жұмыс істеуге мәжбүр.
Луиза Шарплс, тұрғын:
- Мен 12 жыл бойы дүкеннің менеджері болдым. Қазір клининг саласында жұмыс істеймін. Бұл, әрине, менің арманымдағы іс емес, бірақ өткен жұмыс орнымен салыстырғанда кестем ыңғайлы. Ең бастысы, балаларыма уақыт бөле аламын.
Нидерландта балабақша ақысы отбасының орташа табысының 80 пайызына тең. Алайда аз қамтылған отбасылар оның 5 пайызын ғана төлейді. Осыған қатысты мемлекетте ерлі-зайыптыларды қолдау шарасы дайындалып жатыр. Мәселен, келесі жылы жұмыс істейтін ата-аналар үшін Нидерланд үкіметі балаларға жұмсалатын шығындардың 95 пайызын өтеп бермек.
Италияда әйелдер 30-дан асып ана атанады. Себебі жас отбасылардың мемлекетке қарызы 3 трлн долларға жеткен. Осыған байланысты, жергілікті билік органдарына жас отбасыларға әлеуметтік бағдарламаларға көбірек қаражат бөлу қиынға соғады. Былтыр Үкімет жаялық пен нәресте сүтіне салынатын салықты екі есе азайтқанымен, бала күтуші мен балабақша ақысы төмендер емес.
ЦИТАТА: Алессандро Розина, Милан университетінің демография және әлеуметтік статистика кафедрасының профессоры:
Қазіргі туу көрсеткішінің қарқынымен 25 жылдан кейін Италияда тек 320 000 нәресте дүниеге келмек. Егер ел осы саладағы ең жақсы еуропалық стратегияларды қабылдамаса, онда елдің алдағы онжылдықтардағы дамуы мен әлеуметтік ахуалына әсер етеді.