«Ақырзаман мұздығы» ерте еріп жатыр

Ғалымдар әлемдегі ең ірі мұздықтың еріп жатқанын анықтады.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Флорида аумағымен шамалас алып мұз осыдан 80 жыл бұрын кішірейе бастапты. Оған 1939-1942 жылы Антарктиканың батысында болған Эль-Ниньо әсер етсе керек. Айта өтейік, Антарктидадағы мұздық толығымен ерісе әлемде хаос болуы мүмкін. Себебі мұхит деңгейі 3 метрге дейін көтеріледі деген болжам бар. Ғалымдар оны сол себепті «ақырзаман мұздығы» деп атайды.