Израиль мен ХАМАС келіссөзінің екінші раунды басталды

Египет астанасында Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату туралы келіссөздің екінші раунды басталды.

Шиеленісті шешуде Мысыр, Қатар және АҚШ елдері арағайындық танытты. Олар Хамаспен аймақтағы атыс-шабысты бір аптаға тоқтатып, егде жастағы тұтқындарды босату мәселесін талқылап жатыр. Бірақ Хамас өкілдері аймақтағы қарулы қақтығысты тоқтату мерзімін, ұзартуды сұрап отыр. Аталған келіссөздер әлі 2 күн жалғасады. Ал нақты шешім наурыздың 11-і белгілі болады.