Apple компаниясы қомақты айыппұл арқалады
Еуропалық комиссия Apple компаниясына 1 миллиард 800 миллион еуро айыппұл салды.
Өйткені ол музыкалық сервистер нарығында монополияға қарсы ережелерді бұзған. Америкалық компанияға қатысты тиісті арыз 2019 жылы түскен. Сол уақыттан бері жалғасқан тергеу енді аяқталды. Бірақ Apple өкілдері Еурокомиссияның бұл шешімімен келіспейтінін айтып, шағым түсіретінін жеткізді. Бұл жаңалықтардан кейін қор нарығында компания акциялары төмендей бастады.