Д.Трамп ұлықтау рәсімін ұйымдастыратын топ құрды
Дональд Трамп ұлықтау рәсімін ұйымдастыратын топ құрды, деп хабарлайды 24kz.
AP агенттігінің хабарлауынша, комитет төрағалары болып флоридалық инвестор мен Джорджия штатының бұрынғы сенаторы бекітілген. Ұлықтау рәсімі 2025 жылдың 20 қаңтарында өтуі тиіс. Оған дейін Трамп қазіргі мемлекет басшысы Джо Байден әкімшілігінен билікті қабылдап алу үшін бірқатар құжатқа қол қоюы керек. Байденмен кездесу 13 қарашаға белгіленген. Трамп 6 қарашада өткен президент сайлауына Республикалық партия атынан қатысып, демократтардың үкілеген үміті Камала Харристен басым түскен болатын.