Германияда «Фольксваген» жұмыскерлері жаппай шеруге шығуға бел буды
Германияның ең ірі кәсіподағы Фольксваген қызметкерлері бүгін жаппай шеруге шығатынын мәлімдеді.
Компания біраз жұмыс орнын қысқартамыз деген. Сол бойынша жүргізілген келіссөз еш нәтиже бермеген. Әсіресе зауыт жұмысшылары наразы. Олардың қысқарту мен жалақы көлеміне көңілі толмайды. Сондай-ақ компания бизнесті қайта құрылымдауды желеу етіп, бірнеше өндіріс ошағын жабамыз деп отыр. Кейінгі жылдары Фольксваген көліктеріне сұраныс төмендеп кеткен. Бұған Қытай тарапынан бәсекелестіктің артуы себеп. Электркарлардың дәурені туып келеді. 9 желтоқсанда тағы бір келіссөз өтуге тиіс. Фольксвагеннің Германияда 10 зауыты бар. Оларда шамамен 120 мың адам жұмыс істейді.